Өңірлер

Қазақстанда жекешелендіру аясында республикалық меншіктен 19 нысан сатылды

2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 1005 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың шілдедегі кезеңінде 505 объекті жекешелендіруге жатады, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан13 Шілде , 12:35

2016 жылдың 11 шілдедегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 479 объекті шығарылды, оның ішінде 284 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 19, коммуналдық меншік бойынша - 139, ӘКК - 74, холдингтер бойынша - 52.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 6 994 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 4 659 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 416 млн. теңге, ӘКК 3 717 млн. теңге.

«Республикалық меншік бойынша  барлығы 2014-2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 65 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың шілдедегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 25 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 11 шілдедегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 25 объекті шығарылды, оның ішінде 19 объекті сатылды», - делінген хабарламада.

Коммуналдық меншік бойынша  барлығы 2014 - 2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 491 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың шілдедегі кезеңінде 246 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 11 шілдедегі жағдайы бойынша 240 объекті шығарылды, соның ішінде 139 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2020 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 166 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың маусымдағы кезеңінде 100 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 95 объекті сатуға қойылды, 74 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша  2014 - 2020 жж. арналған сату Кестесі бойынша 283 объекті жекешелендіруге жатады, 11 шілдедегі жағдайы бойынша жоспарланған 134 объектінің 119 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 52 объект сатылды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика