Ұлттың денсаулығы

Парашют спортының кәсібилері Қазақстан чемпионы титулы үшін сайысуда

Классикалық парашют спортының ең мықты өкілдері – әскери қызметкерлер мен спортшылар – ҚР Қарулы күштерінің 25-ші ашық Чемпионатында үздік атану үшін күресуде. Жарыста жеке командалық біріншілікте құрамында 16 ел және 3 әйелдер командасы бар 62 спортшы сайысуда.
Казахстан 13 Шілде, 12:17

Чемпионат ҚР Қарулы күштерінің парашюттық дайындық Орталығының базасында және ҚР ҚК әскери әуе күштері авиациялық базасының «Отан» аэроклуб қоғамдық бірлестігінде өтуде. Қатысушылар Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарынан келді.

Бағдарламаға сәйкес қатысушылар міндетті түрде бірқатар жаттығуларды орындаулары керек. Бұл 900-1200 метр биіктіктен жеке және топтық секіру, 2 200 метрден жеке акробатикалық секіру жаттығулары.

Жалпы, бұл жарыс парашюттық спортты дамытуға,  спортшылардың спорттық-техникалық шеберлік және спортшылардың моральдық-жігерлік деңгейлерін көтеруге бағытталған. Сонымен қатар, бұл мықты спортшыларды Қазақстан Республикасының парашюттық спорты мен Қаруды Күштер командасына іріктеу, сонымен қатар, спорттық төрешілердің дайындығы мен олардың төрешілік категорияларын арттыруға арналған сайыс. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика