Өңірлер

Биыл Ақтөбе облысында «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы шеңберінде 49 әлеуметтік нысан жөнделеді

2016 жылы Ақтөбе облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теңге бөлінді.
Ақтөбе13 Шілде , 11:56

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы қаражат есебінен 49 инфрақұрылымдық нысанды жөндеу жоспарлануда, оның 45-де күрделі жөндеу, 4-де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жөнделетін ғимараттардың 37-сі – білім беру, 6 – денсаулық сақтау, 5 - мәдениет нысаны және 1-і дене шынықтыру.

Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 1 мың 82 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 549 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.

Бүгінгі күні 40 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 988 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 508 адам - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.

 




Яндекс.Метрика