Өңірлер

Парламент Мәжілісінің депутаттары Қызылорда облысының жұртшылығымен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.Жұмаділдаева, А.Ералиев, Г.Шиповских жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болып, аудан ахуалымен танысты, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Қызылорда13 Шілде , 11:34

Депутаттар Талаптан, Жуантөбе, Керделі ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектеп және мәдениет үйі, "Нұрлы Жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған №214 мектептің жұмысымен танысты.

Сондай-ақ Ы.Жақаев атындағы саябақ жұмысымен танысып, гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Одан соң "Ару Ана" түйе сүтін өндіретін цехының және күрделі жөндеуден өтіп жатқан аудандық мәдениет үйі ғимаратының жұмысымен танысты. 

Аудан әкімдігі мәжіліс залында аудан әкімі, аудандық "Нұр Отан" партия филиалының төрағасы Қ.Сәрсенбаевтың төрағалығымен мәжіліс депутаттары аудандық партия филиалы активімен, этнос өкілдерімен, облыстық ассамблеяның аудандық Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі мүшелерімен кездесті.

Сонымен қатар "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдау жүргізді. 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика