Білім мен кәсіби машық

Астанада кәсіби білім берудің V халықаралық форумы өтуде

Астанада «Кәсіби білім мен кәсіпкерлік: әріптестер диалогы» атты V халықаралық форум басталды. Форум Қазақстан экономикасын білікті мамандармен қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін ТиПо жүйесінің жыл сайынғы шарасы болып табылады.
Астана қаласы28 Қараша , 10:55

«2008 жылы ұйымдарға құрылымдау жүргізу жұмыстары бойынша салалық біліктілік шеңберін енгіздік. Қазіргі таңда негізгі механизмдерін қойып, заңнамалық деңгейде жұмыс істеп жатырмыз. Ұлттық білім беру жүйесіне техникалық және кәсіби білім беру енгізілді. Бүгінге дейін 147 стандартты дайындадық. Оған себеп біздің жұмыс берушілердің сұранысы мен ұсынысы. Қазіргі таңда біз кәсіби білім беруге баса мән беріп, оған қатысушылардың сапасын көтерудеміз», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев.

Әріптестік диалогтың негізгі нәтижесі ретінде ол 16 өңірлік кеңестің енгізілгенін атады. Онда жұмыспен қамту шаралары тиімді жүзеге асуда.

Сонымен қатар, ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен департаменттер әріптестік диалогын қарау бойынша комисся құрды.

Қазіргі таңда 176 колледж бен 2200 кәсіпорындар дуалды жүйе бойынша мамандар даярлаумен айналысады. Министр орынбасарының айтуынша, аталмыш әдіске неміс жағы қолдау көрсеткен.

Пленарлы жиында ТиПо дамуының халықаралық трендын талқылау, еңбек нарығы мен Ұлттық біліктілік жүйесін құрудағы басым бағыттарды анықтау, сертификаттау мәселелері қаралмақ. Форум экономика саласының кең ортасын бір араға топтастырып, Еуропа мен Азияның 11 елінің және халықаралық ұйымдардың бірігіп шешім қабылдауына жағдай жасамақ.

Сонымен қатар, форумның бөлігі ретінде ТиПо жүйесіндегі білім беру мекемелерінің инновациялық оқыту қондырғыларының көрмесі ұйымдастырылмақ.

Хабарламада айтылғандай, шара аясында ТиПо даму республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ТиПо саласындағы және Болгарияда оқу мен кәсіби білім беру ұлттық агенттігімен біліктілік көтеру бойынша әріптестік туралы меморандумға қол қойылмақ.

Форум жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, индустрия және жаңа технологиялар министрлері, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ өкілдері, ұлттық және шет елдік компаниялар, кәсіби қауымдастық пен ТиПо білім беру мекемелерінің өкілдері қатыспақ.




Яндекс.Метрика