Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Мәскеуде өткен халықаралық семинарда E-licence мүмкіндіктерін көрсетті

Мәскеуде Еуразия экономикалық комиссиясы (ЕЭК) мен Еуропа экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) бірлесіп ұйымдастырған сауда рәсімін жеңілдету және «Бірыңғай терезе» жөніндегі Халықаралық Семинары өтті,деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан28 Қараша , 10:34

Семинар жұмысына қатысу үшін бейінді министрліктер мен ведомстволар басшылары, соған қоса Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) елдерінің бизнес өкілдері шақырылды.

"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы Бағдат Мусин «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің Қазақстандағы жұмысы туралы айтып берді», - делінген хабарламада.

Ол қазіргі уақытта ҚР барлық құжаттар «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы және тек қана электронды түрде берілетінін белгіледі. Осылайша 2012 жылы Қазақстанда 80 рұқсаттама құжаттары автоматтандырылып оңтайландырылған, ал осы жылдың аяғына дейін 200-ден артығы автоматтандырылады және оңтайландырылады деп жоспарлануда.

«Электронды лицензияны жоғалтып не бүлдіріп алуға мүмкіндік жоқ, және де телнұсқаны алуда уақыт пен қаражат шығыны болмайды. Оған қоса, қазір өтініш беруші кез келген уақытта лицензияны порталда тауып, шығарып алады»,- деп ерекшеледі Бағдат Мусин.

Сонымен қатар, Қазақстанда «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс жалғасуда. Оны жасаудың ең басты мақсаты кеден рәсімдерін өткен кезде сыртқы экономикалық қызмет қатынасушылары арасындағы бизнес-процессті автоматтандыру және ақпаратпен алмасуды жеңілдету болып отыр.

Бағдат Мусиннің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстанда экспорт-импорт операцияларына қажет 22 лицензия және 16 рұқсаттама құжаттары (жылдың аяғына дейін тағы да 9 рұқсаттама құжаттары) автоматтандырылған.

 




Яндекс.Метрика