Энерготиімділік

Астанада ҚР-ның соңғы 7 жылдағы климаттық өзгерістерін баяндайды

29 қараша күні Астана қаласында Климаттың өзгеру мәселелері бойынша және БҰҰ Даму Бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі арасындағы біріккен жобаның аяқталуы туралы Үшінші Ұлттық Хабарламаны ұсынуға арналған семинар өтеді, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы28 Қараша , 10:19

«Үшінші Ұлттық Хабарлама Қазақстанда 1995 жылы ратификацияланған Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Негіздемелік конвенциясының (БҰҰ КӨНК) талаптарына сәйкес дайындалды. Осы Ұлттық Хабарлама 2006-2012 жылдар аралығындағы III, IV, V мен VI баяндамаларынан тұрады және БҰҰ КӨНК-ң І Қосымшасына қосылған басқа мемлекеттердің Ұлттық Хабарламаларының ұсыну мерзімдерімен үйлестіріледі. Құжатта парниктік газдарының шығарылуын тізімдеу, климаттың түрлі өзгеру сценарийлері, оның кері нәтижелерін жеңілдету бойынша жоспарлар мен іс-шаралар, бейімдеу бойынша жоспар туралы толық ақпарат бар», - делінген хабарламада.

Құжат БҰҰ КӨНК  хатшылығына ұсынылды және климаттың өзгеру туралы салада ұлттық саясаттарды және іс-шараларды жасау кезінде ақпарат көзі болуға, Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуіне қолдау көрсетуге арналған. Құжатты дайындауға мемлекеттік органдар, ғылыми ұйымдар, Назарбаев университеті қатысты.

Климаттың мүмкін өзгеру сценарийлерін жасау кезінде Климаттың өзгеруі жөніндегі сарапшылардың үкіметаралық тобы (КӨжСҮТ) қолданған жаңа арнайы бағдарламаладың үлгілері пайдаланылды.

Сарапшылардың бағасы бойынша соңғы 70 жыл ішінде Қазақстанның аумағында жер ауасының орташа жылдық температурасының көтерілуі байқалуда.

 

 

 




Яндекс.Метрика