Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

Ядролық қарусыз әлем жолында

20 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан тарихта алғаш рет өз аумағындағы ядролық полигонды жапқан мемлекет ретінде есте қалды. Бұл барша Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие тарихи акт болып табылады.
Әлемде 28 Қараша, 16:20

Қазақстан күштілігі жағынан әлемде 4-інші орындағы ядролық сынақ полигонынан бас тартты. Атап айтатын болсақ бұлар ядролық қаруланған 110 баллистикалық ракета. Олардың күштілігі 1200 ядролық оқтұмсыққа парапар екенін ескерсек, жер бетінің кез келген өңірін жойып жіберуге қауқарлы еді.

2006 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Орта Азияны ядролық қарудан бас тартуға шақырған Семей келісіміне қол қойды.

Семей полигонының жабылуымен әлемде ядролық қарусыздану мен таратпаудың жаңа кезеңі басталды. 1991 жылдың 29 тамызына дейін ядролық қауіпсіздікте шектеулі ғана шаралар қолға алынып келді. Ал Қазақстан бұл күні әлемде алғаш болып ядролық сынақтардан өз еркімен бас тартып, аталмыш қаруды таратпау туралы шешім шығарды.

Бұрын еліміздің шекарасында 500 атмосфералық, жер бетілік, су астындағы және өзге де формадағы «бейбіт» мақсаттағы сынақтар орындалды. Ал бұл дегеніңіз ядролық қару шыққаннан бергі әлем сынақтарының тең жартысына тең.

Сонымен қатар, 16 жыл бұрын БҰҰ шешімімен ядролық сынақтарды тыю келісімі түзілді. Сонда Қазақстан алғашқылардың бірі болып аталмыш құжатқа қол қойды. Қазіргі таңда оған қол қойған елдердің саны 183-ті құрап отыр. Ал 157 мемлекет ратификациялады.

Бүгінде Қазақстан Мемлекет басшысының антиядролық саясатының арқасында ядролық қарусыздану және бейбіт мемлекеттердің символы болып табылады.





Яндекс.Метрика