Жастарға үндеу

Болат Тыныбеков: «Болашақ» мен үшін тағдырлық мәнге ие

ҚР президентінің Халықаралық «Болашақ» шәкіртақысы мен үшін тағдарлық мәнге ие, деп strategy2050.kz порталына берген сұқбатында Алматы қаласының №10 музыка мектебі скрипка сыныбының ұстазы Болат Тыныбеков айтты.
Астана қаласы28 Қараша , 10:03

- «Болашақ» бағдарламасы сіз үшін қандай мәнге ие?

- Тағдырлық мәнге! Бұл патриоттық шәкіртақы арқасында мен Лондон қаласындағы әлемдік дәрежеге ие жоғары оқу оқу орнын тәмамдадым.

- Конкурсқа қатысуға не түрткі болды?

-Менің Лондондағы Королдік музыка колледжіне түсуім түрткі болды.

-Қандай қиындықтармен кездестіңіз?

-Мен үшін өз халқымнан жырақта жүру, өзге мәдениет пен табиғатқа бейімделу қиынға соқты.

-Бағдарламадан  кейін мансабыңыз қалай құрылды?

- «Болашақ» бағдарламасы мен Лондонда игерген білімімнің арқасында мен өз елімде де шетелде де солистік қызмет атқардым. Бүгінде мен музыка ұстазымын, аз уақыт болды опера және фотомодельді кәсібімен айналысудамын.

-Келешек болашақтықтарға не тілер едіңіз?

- Өз жаныңызға  жақын мамандық бойынша білім алыңыздар. 




Яндекс.Метрика