Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

Металлургиялық кәсіпкерліктер қара металдарды сындыру шарасын уақытша тоқтата тұруды енгізгенді қолдайды

Металлургиялық кәсіпкерліктер өкілдері сындыру бойынша ұлттық стандарт енгізу жоспарын қолдап отыр, сонымен қатар, ҚР Үкіметінің қарауында жатқан «ҚР аумағындағы сынық қалдықтары мен қара металды қолға алуды уақытша тыюды енгізу» қаулысы жоспары да бар, деп хабарлайды тау-кен өндірісі және кен-металлургия кәсіпкерлігі қауымдастығының баспасөз қызметі.
Астана қаласы28 Қараша , 09:46

«Тау-кен өндірісі және кен-металлургия кәсіпкерлігі қауымдастығы ҚР-да сынық қалдықтары мен қара металдық тапшылығы туралы өткен дөңгелек үстелге қатысты», - делінген хабарламада.

Ішкі нарықтағы сынықтың тапшылығына бірден бір себеп аталмыш өндірістің экспортқа негізделгені. Бұл өз кезегінде елдегі метал кәсіпкерлігінің жағдайының төмендеуіне және өнімділік қуатының азаюына алып келеді.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметінше, 2012 жылы елімізде жалпы саны 3,5 млн тонна металл сынығы шығарылған. Соның ішінде 780 мың тоннасы сыртқа тасымалданған.

Ал ел ішінде 2 млн тонна қолданылған. Ал негізгі сұраныс 2,8 млн тонна екенін ескерсек, 800 мың тонна тапшылыққа тап болғанбыз.

«Тәуелсіз сарапшылардың сөзіне сенсек, қара металл сынықтары тапшылығы Қазақстанда 2015 жылы 1,6 млн-нан 2,8 млн-ға өсппек», - деп нақтылайды қауымдастық.

Осыған орай металлургия кәсіпкерліктерінің өкілдері ҚР Үкіметінің қарауында жатқан «ҚР аумағындағы сынық қалдықтары мен қара металды қолға алуды уақытша тыюды енгізу» қаулысы жоспары мен Металлургиялық кәсіпкерліктер өкілдері сындыру бойынша ұлттық стандарт енгізу жоспарын қолдап отыр. Аталмыш құжат ҚР Президентінің тапсырмасымен ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі тарапынан дайындалған.

Сонымен қатар, Тау-кен өндірісі және кен-металлургия кәсіпкерлігі республикалық қауымдастығы директоры Николай Радостовецтің айтуынша, аталмыш мәселені шешудің ұтымды жолы сыныққа тапшы отандық кәсіпкерліктер мен республикалық салалық қауымдастық арасында стратегиялық әріптестік жөніндегі Меморандумға қол қою болуы мүмкін.




Яндекс.Метрика