Жаңа қазақстандық патриотизм

ШҚО ардагерлері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық мәселесін талқылады

Шығыс Қазақстан облысы ардагерлері Ұлы Отан Соғысының 70 жылдық мерейтойын өткізуге дайындық мәселесін талқылады, деп хабарлайды ШҚО-ның ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан28 Қараша , 09:35

«Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының әр ауылы мен қаласында Ұлы Отан соғысының 850 ардагері бар. Соның ішінде 27-сі Ленинград қоршауында Отан қорғаса, 36-сы ардагерлердің жесірлері, 500-і концлагер тұтқындары. Бұдан бөлек КСРО мемлекеттік төсбелгісімен марапатталған 2018 тыл ардагері бар.

Жерлестеріміздің арасында 106 Кеңес Одағы Батыры, 24 Даңқ Орденің толық кавалері бар. Солардың құрметіне Шығыс Қазақстан өңірінде 172 мемориалды кешен мен 233 ескерткіш орнатылды. Соғыс және еңбек ардагерлері атына 327 көше мен елді-мекендер аталған. Алайда аталмыш ескерткіш пен кешендердің көпшілігі жөндеуді қажет етеді», - делінген хабарламада.

«ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесі шешімі бойынша 2015 жыл 1941-1945 жж Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің жылы болып жарияланды. Аталмыш мәселені атап өтуде шығысқазақстандықтардың үлесі орасан болмақ. Ардагерлерді құрметтеу мен олардың теңдессіз еңбегін кейінгі ұрпаққа насихаттау қазіргі ұрпақ мойнындағы борышы», - дейді облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Геннадий Бердюгин Шығыс Қазақстан облысы ардагерлер ұйымының IV пленумында.

Пленумда Ұлы Жеңісті тойлау мәселесімен қатар ардагерлер тұрмысының жай-күйі де талқыланды.




Яндекс.Метрика