Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

Қазақстан мен Литва қорғаныс ведомстволары арасындағы ынтымақтастық жалғасады

ҚР Қорғаныс министрлігінде қазақстандық қорғаныс ведомствосының халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін әскери қызметшілері өздерінің литвалық әріптестерімен кездесті, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы28 Қараша , 09:26

«Жиырма жылдан бері Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы барлық деңгейде жүйелі диалогты қолдап келеді. Бұл түрлі салалардағы конструктивті қарым-қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға жағдай жасайды»,-делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Қазақстан-Литва әскери ынтымақтастығы жоспарлы түрде дамуда. Әскери қызметшілерді Литваның әскери оқу орындарында курстық даярлық жүйесі бойынша оқыту оның негізгі бағыты болып табылады. Жыл сайын қазақстандық әскери қызметшілер медицина курстарына және нұсқаушы-сержанттарды даярлау курсына қатысып келеді.

«Біз екі ел арасындағы достық байланыстардың бұдан әрі нығайтуға мүдделіміз. Литвалық әскери қызметшілердің «Дала қыраны» бітімгершілік оқу-жаттығуына жыл сайын қатысуын атап өткім келеді және Литва әскери-медициналық орталығын Қазбригтің медицина қызметі жеке құрамымен сабақтар өткізгені үшін алыс білдіргім келеді», - деп ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Әділ Беков атап өтті.

Екіжақты келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Литва қорғаныс ведомстволарының өкілдері биылғы өзара іс-қимыл жасаудың қорытындыларын шығарып, 2014 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

 

 

 




Яндекс.Метрика