Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Бірінші вице-премьер Б.Сағынтаев Павлодар облысының бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын аралады

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Павлодар облысына жұмыс сапары барсында бірқатар жергілікті кәсіпорынды аралап, «Павлодар» АЭА-ның және жалпы өңірдің одан әрі дамуы мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлады.
Павлодар28 Қараша , 09:10

«Бірінші вице-премьер Екібастұз қаласында «ORICA» австралиялық концерні - жарылғыш материалдарды және оның компоненттерін өндірудегі әлемдік көшбасшының компаниялар тобына кіретін «Орика-Қазақстан» АҚ қызметімен танысты. ол сондай-ақ жебелік ауыстырғыштарды инновациялық өндіру және темір жол дөңгелектерін өңдеу бойынша жаңа зауыт салынған «Проммашкомплект» ЖШС-ін аралады. Б.Сағынтаев, бұдан өзге, 650 оқушы білім алатын балаларға арналған жергілікті музыкалық мектепке барды», - делінген хабарламада.

Павлодарда бірінші вице-премьер «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ аралап, кәсіпорынды жетілдіру барысымен танысты. «ПМХЗ» ЖШС SR Rominserv SRL румын компаниясымен құрылыс-құрастыру жұмыстарын өндіруге келісім-шартқа қол қойған соң, Павлодар МХЗ жобасының жүзеге асырудың жаңа кезеңіне көшуі туралы мәлімдеді. Бүгінгі таңда зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 7,5 млн. тонна мұнайды құрайды.

Екі зауыт салынған және  бірінші кезектегі сегіз жобаны іске қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан «Павлодар» АЭА аумағында Б.Сағынтаев «УПНК-ПВ» ЖШС-нің мұнай коксын шынықтыру бойынша зауыт құрылысының барысын қарап шықты.

Ол атап өткендей, мұнай коксын шынықтыру бойынша зауыттың құрылысы отандық шикізатты пайдалану арқылы қазақстандық алюминийді алуда маңызды кезең болып табылады, себебі жобаны жүзеге асырған соң Қазақстанның алюминий саласы сыртқы факторларға тәуелділік мәселесін ішінара шешеді.

Бірінші вице-премьер сондай-ақ «Агрохим-прогресс» ЖШС, «Химсбыт-ПВ» ЖШС жобаларын жүзеге асыру барысымен танысып, бүгінгі таңда сұйық ағартатын құралдар өндірісін іске қосу жүзеге асырылған «Белизна» ЖШС-не барды.

Сапар қортындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары «Павлодар» АЭА-ын әрі қарай дамыту және Павлодар облысын дамытудың проблемалық мәселелері бойынша кеңес өткізді. Б. Сағынтаев облыс әкімдігіне Арнайы экономикалық аймақтың жобаларын жүзеге асыру бойынша жұмысты жандандырып, белгіленген мерзімдерде кәсіпорындарды іске қосу бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды.

Сол күні Бақытжан Сағынтаев облыстың өңірлік Кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен кездесті. Кездесуде өңірдегі бизнесті дамтыу мәселелері талқыланды. ҚР бірінші вице-премьері кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын жүзеге асыруды, сондай-ақ облыстағы даму институттарының және қаржы институттарының қызметін жандандыру міндетін облыс басшылығының алдына қойды.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика