Дәйекті де болжамды сыртқы саясат

Қазақстанның Грузиядағы Елшілігі Наурыз мейрамына орай салтанатты шара өткізді

Кеше Тбилисидегі Courtyard by Marriott қонақүйінде Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі Наурыз мейрамына орай салтанатты қабылдау ұйымдастырды.
Әлемде26 Наурыз , 00:00

Шараға елдегі ресми тұлғалар, іскерлік және қоғамдық орта өкілдері, Грузияда аккредиттелген шетелдік дипломатиялық миссия басшылары, сондай-ақ грузин жерінде тұрып жатқан қазақ диаспорасы мүшелері қатысты.

Грузия Сыртқы істер министрінің орынбасары Давид Джалагания 20 жыл ішінде Астана мен Тбилисидің дипломатиялық қарым-қатынастарда қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды. Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның толағай табыстарға жеткенін атап өткен ол Наурыз мейрамын тойлау игі дәстүрге айналып келе жатқанын да тілге тиек етті.

Еліміздің Грузядағы сенімді өкілі Әділ Тұрсынов ҚР Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының маңызды бағыттарымен таныстырып, жиналғандарды жыл басымен құттықтады.

Салтанатты шара барысында Грузияның мемлекеттік симфониялық оркестрі «Назқоңыр», «Дударай», «Қызыл бидай», «Маусымжан», «Бір бала», «Үшқара», «Қараторғай», «Көзімнің қарасы», «Қосалқа», «Қазақ вальсі» қазақтың туындыларын орындады. Сонымен қатар Қазақстан жөнінде фотокөрме ұйымдастырылып, бейнефильм көрсетілді.




Яндекс.Метрика