Пікірталас клубы

36 мемлекеттің өкілі ҚХА негізінде тәжірибе алмасуға келеді – Ш.Пулатов

«Стратегия» пікірталас клубы алаңында ҚХА мүшесі, Астана қаласының "Өзбек этномәдени орталығы" ҚБ төрағасы Шерзод Пулатов 36 мемлекеттің өкілі ҚХА негізінде тәжірибе алмасуға келетінін жеткізді. Айта кетейік, ертең 28 сәуірде Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚХА-ның кезекті XXVI сессиясы өтеді.
Астана қаласы27 Сәуір , 15:05

Ш.Пулатовтың айтуынша,  Елбасы Нұрсұлтан   Жолдаулары мен мемлекеттік  бағдарламаларды жариялаған соң,   ҚХА мүшелері  осы бағдарламаларды іске асыру үшін жұмысты бастайды.

« «Рухани жаңғыру» деген  елге қажетті бағдарламалардың бірі.  2018 жылы біз жастармен  жұмыс жасауға ден қойдық. «Жаңғыру жолы»  деген қозғалыс та ашылды. Ол алдымен жастардың басын қосып, оларды ҚХА жұмысына тартып,  тәжірибе алмасып, патроиоттық тізімді қалыптастыруға  үйретеді», - деді ол.

Оның айтуынша, бірлік болған жерде тыныштық болады, тыныштық болған жерде даму болады.

«Біз 30 елдің қатарына ену үшін  жұмыс істеп жатырмыз. ҚХА-ның әртүрлі бағыты бойынша жұмыс атқарылды, «Туған жер» аясында  216 іс-шара өткізілді. «100 жаңа есім» бойынша  25 адам ұсындық. Оның ішінде екі белсенді адам  100 есімге қосылды. Латын әліпбиіне көшу бойынша да жұмыстар жасалып жатыр. Ол бойынша  60-тан астам шаралар өткізілді», - деді Ш.Пулатов.

ҚХА мүшесінің айтуынша, әр мәдени орталықта жексенбілік мектеп ашылған.

« Біз  өткен жылдан бастап латын әліпбиі бойынша  жексенбілік мектепте курстар өткізіп жатырмыз. Ол мектептер әр ұлттық салт-дәстүрін  ұмытпауы үшін ашылған. Қазақстанның қасиетті жерлері бойынша «Ұлы дала елі» деген шара 5 мамырдан басталады. Ол қасиетті жерлерді аралап, жастарды алып барып, оларды тарих пен көркем жерлерімен таныстыруға бағытталған», - деді ол.

Сондай-ақ,  «Туған жер» аясында ақсақалдар ауылдарға барып, танысып, кездесулер өткізді.

«Шетелдік   36 мемлекеттің   өкілі  біздің тұрақтылығымызды, келісімімізді үйренуге келмек. Қазір шетелдік елдермен меморандумдар жасалды. Олар біздің тәжірибені зерттеп, оны игергісі  келеді.Біздегі  бірлік  Елбасының салиқалы саясаты мен қазақ халқының кеңпейілділігі мен ақжарқындығы», - дейді Ш.Пулатов.

 Сондай  -ақ, ол ертең болатын ҚХА-ның XXVI  сессиясының тақырыбына да тоқталды.

«Сессияның тақырыбы  5 әлеуметтік бастама бойынша өтеді. Бірқатар маңызды мәселелер талқыланады.  Барлық қатысушылар өз ұсыныстарын айтады.  Елбасы оларға қатысты тікелей тапсырма береді. Көптеген тың ұсыныстар айтылып, бірқатар  жұмыс атқарылады», - деп түйіндеді ол.

Аягөз Құрмаш

 




Яндекс.Метрика