Жастарға үндеу

Ұлан Жұмагелдин: Болашақтықтардың көпшілігі қарапайым отбасынан шыққандар

ҚР Президентінің Халықаралық стипендиясына ие болған болашақтықтардың көпшілігі мен секілді қарапайым отбасынан шыққан балалар. Сол себепті де шет елде білім алу құнын көтеру мүмкін емес. Алайда біз секілді балалардың оқуға деген ынтасына аталмыш бағдарлама демеу бергені көңіл қуантады, дейді бағдарлама түлегі Ұлан Жұмагелдин «strategy2050.kz» порталына берген сұхбатында. Ол Ұлыбританияның Бирменгем университетін «Материалдардың технологиясы мен ғылымы» мамандығы бойынша білім алған. Бүгінде Ұлан «Тенгизшевройл» ЖШС өндіріс нысандары құрылысы мен жобалау бөлімінде инженерлік қызмет атқарады.
Астана қаласы27 Қараша , 18:30

- «Болашақ» бағдараламасының сенің өмірің үшін қаншалықты маңызы бар?

- «Болашақ» бағдарламасының арқасында мен Ұлыбританияның ең үздік деген университеттерінің бірінен білім алу мүмкіндігіне ие болдым. Менің ойымша, бағдарламаның жүзеге асырылуы біздің ел үшін керемет пайда әкеледі. Әрине, мемлекет тарапынан аз шығын кетіп жатқан жоқ. Сөзсіз, отандық білім беруді дамыту керек. Алайда қазіргі жағдай осындай, өзіміздің білім беру сапасы мақтанарлық дәрежеде емес. Алайда Қазақстанда жастарды әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарында оқытуға жағдайы жетеді. Болашақтықтардың көпшілігі мен секілді қарапайым отбасынан шыққан балалар. Егер шет елде оқу құны қымбат болғанда біздің көбіміз оны көтере алмас едік.

- Байқауға қатысуға не себеп болды?

- Әрине, білім алуға деген құштарлық. 11 сыныпта мен білім сапалы білім беретін оқу орындарын іздестірдім. «Болашақ» бағдарламасын естіген бетте бағымды сынап көруге бел байладым.

- Оқу кезінде қандай да бір қиындықтармен бетпе бет келген кездеріңіз болды ма?

- Қиындықтар болды дей алмаймын. Алайда Ұлыбританияда білім алу оңай емес. Стипендияға ие болған бетте мен ол жақта оқудың қаншалықты жағдайда болатынын анық бағамдай алмадым. Атап айтатын болсам, университетке тіркелу секілді жұмыстардың өзі шет елде қиын болатыны анық. Оның үстіне өз бетімше өмір сүруім керек. Ешақашан шет елде болмаған адам үшін бұл жеңіл жұмыс емес.

Ал оқу барысында емтихан кездері қиын болатын. Университет сынағы жылына бір рет жыл соңында алынады. Бұл дегеніңіз жылдық алған білімңізді қайталап шығу керек деген сөз. Кейде күніне екі бірдей сынақ болатынын ескерсеңіз, әрине, оңай емес.

Ал жаңа ортаға, жаңа мәдениетке үйрену жағы қиындық тудырған жоқ.

- Оқуды аяқтағаннан кейінгі еңбек жолыңыз қалай жүрді?

- Мен университет қабырғасында жүрген кезден бастап металлургия факультетіндегі цех пен ғылыми-техникалық лабораторияда жұмыс істедім. Ал оқуды тәмамдағаннан кейін Астанаға қайттым. Әрине, жұрттың бәрі елордада жұмыс істегісі келеді. Алайда мен өндірісте мамандық бойынша қызмет ететін болып шештім. Нәтижесінде Теміртаудағы металлургия комбинатында еңбекке қабылдандым. Өндірісті дамыту жобаларымен жұмыс істедім. Үш жылдан кейін «Тенгизшевройлға» ауыстым.

- Келешек стипендиаттарға не тілейсіз?

- Алға қарай даму керек! Оқу барысында түрлі жобаларға, шараларға қатысып белсенділік танытыңыздар. Сапалы білім алып елге пайдаларыңызды тигізіңіздер.




Яндекс.Метрика