Жастарға үндеу

ҚР Тұңғыш Президенті Күніне орай Алматыда жас кәсіподақ белсенділерінің форумы өтеді

ҚР Тұңғыш Президенті Күніне орай Алматы технологиялық университеті базасында «Болашағымыз бірлікте!» атты жас кәсіподақ белсенділерінің форумы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚР кәсіподақ федерациясының баспасөз қызметі.
Алматы қаласы27 Қараша , 17:30

Форум ҚР Тұңғыш Президенті Күні мерекесі мен «Қазақстан-2050» Стратегиясын насихаттауға бағытталған.

«Шараға Мемлекет басшысының қызметтестері, «Нұр Отан» партиясы өкілдері, Студенттер альянсы, ҚР Жастар конгресі қатысады», - делінген хабарламада.

Форум жұмысына Олимпиада чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Бокстан ҚР-ның еңбек сіңірген бапкері Ермахан Ибрагимов, Екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин, Қазақстан киноматоргафиясының жұлдыздары мен мәдениет және спорт шеберлері қатысады.

«Форумның мақсаты – жастар саясатында кәсіподақ жұмысы тәжірибесімен алмасу, жастар ісіне мемлекеттің, атқарушы биліктің, сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың назарын тарту», - дейді ҚР Кәсіподақ федерациясы.




Яндекс.Метрика