Жастарға үндеу

Ботагөз Тыныбекова: «Болашақ» маған сапалы білім алуға септігін тигізді

ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы маған сапалы білім алуға мүмкіндік беріп, батыстың білім жүйесімен таныстырды деп strategy2050.kz порталына берген сұқбатында Алматы қаласының №10 музыка мектебінің ұстазы Ботагөз Тыныбекова хабарлады.
Астана қаласы27 Қараша , 17:07

- Сіз үшін «Болашақ» бағдарламасы қандай мәнге ие?

- «Болашақ» бағдарламасы маған сапалы білім алуға мүмкіндік берді. Аталмыш бағдарлама батыстың мәдениетімен таныстырып, халықаралық конкурстарға қатысуға мүмкіндік берді.

-Конкурсқа қатысуға не түрткі болды?

- Конкурсқа қатысуыма Президенттің жыл сайынғы Жолдауы үлкен әсер етті. 2005 жылдың ақпан айында кезекті Жолдауында Елбасы «Болашақ» бағдарламасының ауқымы кеңейгенін айтты. Менде ол кезде Лондондағы Королдік музыка колледжіне оқуға шақырту болған. Ол жердің қымбаттылығына байланысты мен ол жерге баруға талпынбадым. «Болашақ» туралы естігеннен кейін барлық қажетті құжаттарды жинадым. Бағдарлама әлемнің жетекші музыка оқу ордасында білім алуға мүмкіндік берді.

- Қандай қиындықтар болды?

-Бастысы батыстың білім беруінің өзгешелігі әсер етті. Алғашқы кезде бейімделу қиын болды, үй жұмысын ешкім тексермейді т.б.

- Бағдарламадан кейін мансабыңыз қалай құрылды?

- «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқу бойынша мен Ұлыбритания, Германия, Италия, Швейцария елдерінде лауреат атандым. Қазақстанда концерт көрсеттім, білім берудемін, өз тәжірибемді шыңдап келем. Мені әлі күнге дейін Еуропадағы фестивальге шақырады. Мен әрқашан қазақстандық әнді орындайтынмын, бұл елімді паш етудің бір жолы.

- Келешек болашақтықтарға тілеріңіз?

- Табандылық, еңбексүйгіштік және денсаулық тілеймін!




Яндекс.Метрика