Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

ҚР-да халықтың урбанизациясы 10%-ға артады – Е.Орынбаев

Қазақстанда халықтың урбанизациясы 10 пайызға артады, деп мәлімдеді Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз конференциясында.
Астана қаласы27 Қараша , 16:54

«Халық қалалық жерлерге қарай қоныс аударып, урбанизация кеңінен етек жаюда. Қазіргі таңда халықтың 9,4 млн-ы қалада тұрады. Бұл - ел халқының 55 пайызы. Және алдағы 20 жылда урбанизация көрсеткіші тағы 10 пайызға ұлғаяды деп күтілуде. Осы факторлар еліміздің әлеуметтік саласына салмақ түсіруде. Атап айтар болсақ олар балабақшалар, ауруханалар, мектептер мен тұрғын үйлер», деді вице-премьер өз сөзінде.

Оның айтуынша, келер жылдары урбанизацияның қарқыны тепе-теңдіктен асып, кей өңірлерде қалалық жерлерге жаппай қоныс аудару үрдісі белең алуы мүмкін.

«Урбанизация туралы айтатын тағы бір мәселе, ол үдеріс елімізде біркелкі жүріп жатқан жоқ. Кейбір өңірлерде басымырақ жүруде. Бірінші кезекте, Астана, Алматы қалаларында және Алматы облысында»,- деді Е.Орынбаев.

2013 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, жұмыссыздық 5,3 пайызға дейін азайған. Ал өткен жылы 5,2 пайызға төмендеген. Ал күнкөріс минимумынан төмен табыс табатындардың пайыздық көрсеткіші 4 пайыздан аз. Естеріңізге сала кетейік, 2000 жылдары бұл дәрежедегі халықтың керсеткіші 50 пайыздан төмен еді.




Яндекс.Метрика