Инфрақұрылымды дамыту

Астанада Х-шы «ҚазАвтоЖол-2013» халықаралық көрмесі өтті

Астанада ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің қолдауымен мерейтойлық Х-шы «ҚазАвтоЖол-2013» халықаралық көрмесі өтті,деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы27 Қараша , 16:33

«Көрмеде жобалау және автомобиль жолдарын құрастыру саласындағы соңғы жаңартпашылық технологиялық шешімдер көрсетілді», - делінген хабарламада.

Көрмеге 84 кәсіпорын–өндіруші қатысты. Олардың ішінде ғылыми-зерттеу және жобалау институттары, жол құрылысы және автомобиль жолдарын пайдалану, жол машиналары мен құрал–саймандарды өндіру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамсыздандыру салаларында жұмыс істейтін Ресей, Украина, Белорусия, Польша, Түркия, БАӘ ірі фирмалары мен компаниялары. 

ҚР Көлік және коммуникация министрінің айтуынша, «ҚазАвтоЖол-2013» жаңарпашылық технологиялық жаңалықты білуге және көрсетуге бірегей мүмкіндікті ұсынып отыр. Сонымен бірге ол барлық дүниежүзілік автомобиль жолдары құрылысын ұйымдастырудың ең жақсы идеяларын біріктіретін көптен бір көрмесі екенін белгіледі.

Көрме шеңберінде ұйымдастырылған «дөңгелек үстелдің» басты тақырыбының бірі  «Зияткерлік жолдар желілері және жол қозғалысы қауіпсіздігі», «Жол жабындылары құрылымының технологиялары мен материалдары» болды. ТМД елдерінен келген қонақтар және АҚШ, Франция, Дания, Түркия және Германиядан келген ғалымдар жолдарды жөндеу мен күтіп-ұстау , жол-құрылыс машиналары, сапалы жол құрылысы үшін материалдар мен технологиялар жөніндегі сұрақтарды талқылады. 

 «ҚазАвтоЖол-2013» көрмесі қатысушыларына «KazTraffic -2013» көрмесінің экспозицияларымен танысуға мүмкіндік берілді. Бұл Қазақстан Республикасында көлік кешені, жол және қала шаруашылығы мамандарына жасалған жол шаруашылығының жұмысы мен инфрақұрылымын, Халықаралық көлік дәліздері мен ақылы жолдардың тиімді қызмет етуін, халықаралық логистиканың қазіргі заман технологияларын, жолдардағы қауіпсіздікті қамсыздандыруды басқару және ұйымдастыру салаларындағы дүниежүзінде танылған аса тиімді шешімдердің ең бірінші ірі масштабты көрсетілімі.

 

 




Яндекс.Метрика