Ауыл әкімдерін сайлау

Қарағанды облысында ауыл әкімдерін сайлау 8 тамыз күні өтеді

Қарағанды облысында жергілікті әкім лауазымына таласатын 601 кандидаттың үштен бірін әйелдер құрайды. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясынан хабарлады.
Қарағанды14 Маусым , 00:00

«Қарағанды облысында аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауы 8 тамызда 16 аумақтық учаскеде өтеді. Бүгінгі таңдағы кандидаттар саны - 601. 602 адам тіркелген еді, алайда біреуі өз еркімен кандидатурасын алып тастады. Кандидаттардың 31% -ын әйелдер құрайды», - деді облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Баталова.

Облыста Қарағанды мен Приозерскіні қоспағанда, 7 қалада және 9 ауданда 202 әкімді сайлау күтіп тұр. Бір орынға орташа есеппен алғанда үш үміткерден келеді. Жергілікті мәслихат депутаты болып табылатын сайлаушылар - 215 адам. Әкімдер сайлауы жасырын дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде өткізіледі.

Абай және Қарқаралы аудандарында, ауылдық әкімдерден басқа Абай және Қарқаралы қалаларының әкімдері сайланады.

Жергілікті әкімдер 4 жылға дейінгі мерзімге сайланады.




Яндекс.Метрика