Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

Қазақстанда жұмыспен қамту орталықтарын кезең-кезеңімен жаңғыртуды қолға алу керек – Т.Дүйсенова

Жұмыспен қамту орталықтарын кезең-кезеңімен жаңғырту керек, деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ОКҚ баспасөз конференциясында.
Астана қаласы27 Қараша , 15:24

«Үкіметтік емес ұйымдар және жұмыспен қамтудың жеке меншік агенттіктерімен бірігіп қолға ала бастаған жұмыс тәжірибесі қазіргі кезде біздің жұмыспен қамту орталықтарының олардың жұмысына сай кезең-кезеңімен жаңғыртылу керектігін көрсетеді», - деді министр.

Оның айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасың іске асырылуына үкіметтік емес ұйымдар мен жұмыспен қамтудың жеке меншік агенттіктерін қатыстыру арқылы бағдарлама аясын кеңейту керек. Сонымен қоса мұнда жұмысқа орналастыру жағы да қарастырылу керек.

«Азаматтардың жұмыспен қамтудың жемістілігіне мән беретінін ескерсек, еңбекке жарамды азаматтарға қатысты әлеуметтік көмек идеогогиясы да өзгертілу керек. Сөзсіз, жұмыс істемейтін немесе еңбекке жарамсыз азаматтар көмектен қағылмайды. Ал еңбекке жарамды азаматтар белгілі бір қызмет көрсету арқылы әлеуметтік көмекке қол жеткізеді», - деді Дүйсенова.

Министрдің мәліметінше, әлеуметтік көмек үшін келер жылдарға республткалық бюджеттен 1,5 млрд теңге қарастырылған.




Яндекс.Метрика