Сыртқы саясат

ҚР Мемлекеттік хатшысы бірқатар елдің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Ақордада Дания, Уругвай, Босния және Герцеговина, Черногория, Бангладеш, Филиппин, Замбия, Нигерия, Фиджи елдері елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы27 Қараша , 15:14

«Екіжақты кездесулер барысында мемлекетаралық қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму келешегі талқыланды. М.Тәжин атап өткендей, жаһандану жағдайында саяси, экономикалық, сауда, ғылыми, мәдени және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамыту мемлекеттеріміздің ұлттық мүдделеріне сай келеді. Осыған орай, дипломатияның табыстылығы қол жеткен өзара ықпалдастық деңгейімен анықталады», - делінген хабарламада.

Тараптар кең ауқымды мәселелер бойынша байланыстар аясын кеңейтуге өзара терең мүдделіліктің барын атап өтті. Олардың ішінде халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, өзара инвестициялар және сауда, баламалы энергия көздері мен агроөнеркәсіптік кешен, білім және ғылым, туризм және басқалары бар.

Кездесулер даму әлеуеті зор өңірлер ретінде Африка мен Латын Америкасымен ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған Қазақстанның дипломатиялық бастамаларының жаңа бағытын белгілеп берді.




Яндекс.Метрика