Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

С.Қайырбекова: Еліміздің әр өңірінде дәрілік-ақпараттық орталықтар жұмыс істейді

Дәрілік-ақпараттық орталықтар Қазақстанның барлық өңірінде бар, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы27 Қараша , 15:02

«Дәрілік-ақпараттық орталықтар Қазақстанның барлық өңірінде бар. Қазіргі таңда олардың қызметінен барлық халық хабардар деген дерек бар. Бұл орталықтар халыққа қандай жағдайда қандай дәрі-дәрмекті қолдану керектігін, оны қайдан алуға болатыны жайлы және басқа да сұрақтарға жауап берумен айналысады», - деді Салидат Қайырбекова.

Оның айтуынша, дәрі-дәрмекті қолданатындар негізінен 59-79 жас аралығындағы кісілер.

Сонымен қатар, министр емханалардағы толассыз кезек мәселесіне де тоқталмай кете алмады. Ол үшін әлеуметтік регламент қойылғңанын да айта кетті.

«Бұл үшін қазргі кезде халықтың тығыздығына қарай белгілі бір тіркеуші тұру керек. Жедел ем көрсетілуі керек науқас ауруханаға әкелінгенде кезекте тұрып қалмайтындай жағдай жасалады», - деді еліміздің бас дәрігері.

Бұдан бөлек Қазақстанда дәрігер қабылдауына электронды түрде жазылу мен дәрігерді үйге шақыру жүйелерінің бар екенін айтуды да ұмытпады.

«Уақыт өте келе емханалардағы кезек мәселесі шешімін табатын болады. Осы мақсатта «350 емхана мен отбасылық дәрігерлік амбулатория» жобасы аясында инфрақұрылымды дамыту керек», - деп түйіндеді министр.




Яндекс.Метрика