Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімін қабылдады

Бүгін, 27 қараша Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішевті қабылдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы27 Қараша , 14:49

«Б.Әбдішев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады», - делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік және салалық бағдарламаларды тиімді іске асырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өңірдің экономикасының өсімін, тұрғындарының жұмыспен қамтылуын және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті.

Қарағанды облысының әкімі әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіші оң қарқын алып отырғанын мәлімдеді. Жалпы өңірлік өнім 2,6 трлн. теңге, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,4 трлн. теңге болды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.    

 

 




Яндекс.Метрика