Қазақстан және БҰҮ

ҚР Президентінің жаһандық бастамалары БҰҰ барлық мүше мемлекеттері үшін өзекті бола түсті - ҚКХП

Біз Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен шын жүректен құттықтаймыз!
Астана қаласы30 Маусым , 19:31

Бұл оқиға кезекті мәрте Қазақстанның және оның Көшбасшысының халықаралық аренадағы беделін қуаттады. Жас республиканың бейбітсүйгіш саясатына әлемдік қоғамдастықтың жоғары бағасы әрі мойындауы болды. Бұл оқиға әсіресе қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында барынша маңызды болмақ.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамалары осынау беделді халықаралық ұйымның барлық мүше мемлекеттері үшін өзекті бола түсті. Мемлекет басшысының мұнан арғы да бастамалары әлемдік қоғамдастық тарабынан түсіністік тауып, қызу қолдауға ие боларына сенім мол.




Яндекс.Метрика