Адами капитал

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының 16 финалисі белгілі болды (ФОТО)

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаттарын тағайындау бойынша комиссия отырысы Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өтті. Шарада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының 16 финалисі белгілі болды.
Астана қаласы 30 Маусым, 18:31

«Елбасының бастамасымен 2014 жылдан бастап «Мерейлі отбасы» байқауы өткізіе бастады. Отбасы әркез мемлекеттің тірегі болып қала бермек, осы жылы біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелейміз. Бүгін күн тәртібінде біз 16  финалисті  ақтық мәреге дайындадық», - деді Г.Әбдіқалықова.

Естерінізге сала кетейік, биыл «Мерейлі отбасы» байқауы үшінші рет өткізілуде, отбасылардан келіп түскен өтінімдерді 2016 жылдың 1-нен 30-шы сәуіріне дейін рәсімделді. Байқау үш кезеңге бөлінген: өңірлік, аймақтық және ұлттық.Осылайша, жергілікті атқарушы орган аймақтық және аудандық комиссияны құрады және ол жерде олар өздерінің деңгейінде байқаудың жеңімпазын анықтайды. Аймақтық комиссия аудананн материалды алғанна кейін бір ай ішінде үздік отбасыларды таңдайды және облыстық байқаудың жеңімпаздары анықталғаннан кеін құжатты Ұлттық комиссияға жібереді.

«Жеңімпаздар анықталғаннан кеін байқаудың финалды кезеңінде біздің еліміздің барлық азаматтары қатыса алады. Дауыс беру үш түрде 2-9 қыркүйек айында өтеді: kaztube.kz  порталында онлайн-дауыс беру, арнайы телефон арқылы 8-803-000 01, 02, 03 нөміріне дауыс беру және  6284 нөміріне смс хабарлама жіберу арқылы. Егер бірінші жылы байқауға 1000 отбасы қатысса, осы жылы олардың саны 2600 отбасыға жетті»,-деді ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат бойынша Ұлттық комиссия мүшесі Салтанат Байқашқарова мәлім етті.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Мемхатшысы маңызды ұйымдастырушылық мәселелер бойынша меморгандарға бірқатар тапсырмалар берді.

 





Яндекс.Метрика