Қазақстанның 5 қаласы экономикалық өсудің тұрақты орталығына айналады

ҚР Өңірлік даму министрлігі аймақтық саясат департаменті директорының орынбасары Тілеуғазы Беспалинов аймақтардың тиімді дамуы жайында айтып өтті.
Астана қаласы27 Қараша , 14:40

«Қазақстанда агломерацияның дамуының басты мақсаты олардың тұрақты экономикалық орталыққа айналуында», -деді Т. Беспалинов.

Ол өңірлік даму саясатының бағыты 2020 жылға дейінгі аймақтық-кеңістік жоспарлы кестесінде көрсетілген. Оның құрамына аймақтардың дамуы, моноқалалардың өсуі мен проблемалық өңірлердің  кешенді дамуы енеді.

«Бүгінгі таңда тиімді аймақтық дамудың негізі қаланған. Қазіргі таңда бағдарламлардың басын түйістіріп, бюджеттік инвестицияларды тарту басты мақсатымыз болып есептеледі», - деді ол.

Бұл бағыт бойынша негізгі назарға алынған Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент сынды қалалар.

Т. Беспалиновтың мәліметінше, Қазақстанда агломерацияның қалыптасуы мен дамуының екінші дәрежесі қабылданады.

«Агломерацияның құрылымы 3 бағыт юойынша жүзеге асады. Біріншісі – қалалық агломерациялардың республикалық нарық деңгейінде дамуы. Екіншісі – инфрақұрылымның біртұтастығы, жаңа технологиялардың көмегімен даму. Үшіншісі – аймақтық қалалық саяси агломерациялардың дамуы», - деді Т. Беспалинов.

Астаналық агломерация технология мен инновация орталығы ретінде назарға алынады. Ол «Назарбаев Университетінің» базасында құрылмақ.

Ал, Алматылық агломерация сауда-логистикалық және қаржылық орталығы ретінде дамитын болады.

 




Яндекс.Метрика