ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

2021 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік үлгідегі ЖОО дипломын беруден бас тартады

2021 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік үлгідегі ЖОО дипломын беруден бас тартылады, деді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Астана қаласы30 Маусым , 17:59

«2021 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік үлгідегі ЖОО дипломын беруден бас тартылады. Бұл ЖОО-лардың білім берудегі сапасын арттырады», - деді БҒМ басшысы.

Министр айтып өткендей, ЖОО-ларда ректорларды  тағайындаудың ашық үлгісін енгізу қарастырылған.

Сондай-ақ, министр айтып өткендей, ҰБТ бойынша жемқорлықтың қаупі төмендейді.

«Биыл ҰБТ-ны тапсыруға екінші рет рұқсат етілді. 2016 жылы – ҰБТ-ны көп мәрте тапсыруға болады. Мектептерді қаржыландыру ашықтығы қамтамасыз етіледі», - деді ол.

«2019 жылға қарай 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сыбайлас жемқорлық қаупін азайтатын ҰБТ өткізудің жаңа  тәсілдерін енгіздік. Осы жылы ҰБТ-ны қайта тапсыруға болады. Ал алдағы уақытта оны бірнеше рет тапсыруға мүмкіндік бар. Мектептердегі қаржы ашықтығын сақтау үшін ашық бухгалтерия жүргізілетін болады», - деді министр.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика