ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

БҒМ: Үштілде білім беруге көшу мектептердің дайындығынан кейін енгізіледі

Үштілде білім беру 2019 жылдың қыркүйек айында ғана енгізілетін болады және тек 10-11 сыныптар үшін төрт пәннен ғана, сонымен қатар дайын мектептерге ған енгізілетін болады, деп ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2016-2019 жылдарға арналаған білім беру және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген отырысында мәлім етті.
Астана қаласы30 Маусым , 17:52

«Үштілде білім беру 2019 жылдың қыркүйек айында ғана енгізілетін болады және тек 10-11 сыныптар үшін төрт пәннен ғана. Ол физика, химия, биология, информатика – оқыту ағылшын тілінде болады. Бұл жұмасына 8 сағат және ол 3 жылдан кейін болады, сондай-ақ осыған дайын мектептерге ғана енгізіледі»,-деді министр.

Сонымен қатар, ведомство басшысы қазақ тілін оқып білуге бастапқылық бар екендігін және болатындығын айтып өтті.

«Барлық мектептерде, тек қазақ тілді мектептерден басқа, тағы жоғары сыныптарда «Қазақстан тарихы» қазақ тілінде оқытылатын болады. Орыс меткептерінде 12 жылдыққа көшу аясында қазақ тілі және қазақ тілінде сабақ берудің сағаты 300 сағатқа өсетін болады»,-деді ол.

Сонымен қатар, министрдің айтуы бойынша, жаратылыстану-ғылыми бағыттардағы мектеп мұғалімдері Астана мен Алматы қалаларындағы 14 облыстық орталықтан ағылшын тілінің курсын өтетін болады.

«Курстық оқыту 4 айдан 9 айға дейін болады. Бұл-жұмасына 3 рет, кешкі уақытта күніне 4 академиялық сағаттан оқытылады. Оқуды аяқтағаннан кейін мұғалімдер Beginner (starter)-нен Intermediate (В1)-тен тілді меңгеру деңгейін алып шығады, сонымен қатар өз пәнін ағылшын тілінде оқыта алатын болады»,-деді ведомство басшысы.

Индира Қауметова

 




Яндекс.Метрика