ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

2020 жылға қарай оқушылардың 99 пайызы мен студенттердің 100 пайызы интернетке қол жеткізеді

2020 жылға қарай интернетке оқушылардың 99 пайызы мен студенттердің 100 пайызы қол жеткізеді, биыл 2 мың мектеп оқушысы қосылатын болады, деді Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
Астана қаласы30 Маусым , 17:29

Е.Сағадиев білім беру ұйымдарының жоғарыжылдамдықты интернетке қол жеткізулері маңызды екенін айтып өтті. 2020 жылға қарай интернетке оқушылардың 99 пайызы мен студенттердің 100 пайызы қол жеткізеді.

«Біз мектептер мен ЖОО-ларды жоғары жылдамдықты интернетке қосуды жоспарлап отырмыз. Биыл  2 мың мектепті қосамыз. Тағы 1,5 мың мектеп сандық Қазақстан аясында жақын арадағы  3  жылда қосылады. 2020 жылға қарай интернетке оқушылардың 99 пайызы мен студенттердің 100 пайызы қол жеткізеді», - деді министр.

Айта кетейік, отырыстың жұмысына ЖОО ректорлары мен меңгерушілері, ведомство жанындағы ұйым жетекшілері,  облыстық білім басқармасы мен Астана, Алматы қалаларының білім мамандары, ғылыми-зерттеу институттары  қатысты. Секциялық  кеңестерде білім жүйесі бойынша ұлттық статистиканың мәселелері талқыланды.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика