ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

БҒМ 2016 жылы 42 жаңа мектептің құрылысын бастауды жоспарлауда

Үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерді жою үшін министрлік биыл 34 жаңа мектеп құруды жоспарлауда, сонымен қатар ұлттық қордың қаражаты есебінен 42 жаңа мектептің құрылысын бастауды жоспаралауда, деп ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2016-2019 жылдарға арналаған білім беру және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген отырысында мәлім етті.
Астана қаласы30 Маусым , 17:21

Министрдің айтуынша, отырыс ведомствоның жоспарын айтуға және оны қай жағынан іске асыру бойынша кеңесуге байланысты ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының уш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерді жою бойынша тапсырмасын іске асыру аясында осы жылы 34 жаңа мектептің құрылысы бастау жоспарлануда, сонымен қатар ұлттық қордың қаражаты есебінен 42 жаңа мектептің құрылысын бастау жоспаралануда.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерді жою үшін министрлік биыл 34 жаңа мектеп құруды жоспарлауда, оның әрқайсысы 300 орынға арналған және тағы 42 жаңа ірі мектептің құрылыс басталады, ол ұлттық қордың қаражы есебінен салынады»,-деді министр.

Айта кетейік, отырыс жұмысында жоғары оқу орындарының ректоры, ведомство аралық ұйымдардың басшылары, облыстың, Астана мен Алматы қалаларының білім беру басқарамасы, біліктілі арттырудың ғылыми-зерттеу институты қатысты.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика