Қазақстан және БҰҮ

БҰҰ ҚК-дегі Қазақстанның қызметі жаһандық дәрежеде келісім мен бейбітшілікті нығайтады – «Атамекен» ҰКП

«Атамекен» ҰКП қазақстандықтар мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты 2017-2018 жылдары Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне енуімен құттықтады.
Астана қаласы30 Маусым , 19:42

2017-2018 жылдары Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануы, қазақстандықтармен қатар сырттағы қандас бауырларымызды да шаттыққа кенеді.

Еліміздегі бейбітшілік, қауіпсіздік, адам құқығы, заң ұлықтылығы және тұрақты дамуды жауапкершілікпен қолдап, үлес қосып жатқаны дауыс беруші елдердің қанағаттанарлық сенімін нығайтты.

Сондай-ақ, аймақтың басқа елдерімен қатар, 2009 жылы наурызда күшіне енген, Орталық Азияда ядролық қарудан еркін аймақ құруда Қазақстан көшбасшы болып келеді.Осындай қауіпсіздік мақсатында айтулы қадамдарға барған Ұлы Дала елі – Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше елдерінің қатарына енді.

 




Яндекс.Метрика