Білім беру

Қазақстанда бакалаврдағы «метрология» мамандығы енгізілуде

Кадрда туындаған қажеттіліктерге байланысты 2016 жылы бакалаврдағы «Метрология» мамандығы енгізілуде, деп ҚР инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Дұғалов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясы барысында мәлім етті.
Астана қаласы30 Маусым , 16:31

«ҚР білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша 2015 жылы ЖОО 451 мамандықты шығарды, олар «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бакалавриатты тәмамдаған. Бұл Республикада салалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болып табылады және ол кәсіпорындардың метрологиялық қызметтерінің өкілдерімен метрология Кеңесінің отырысында талай рет талқыланды»,-деді ол.

Оның айтуы бойынша, дәлдіктегі аспаптар және ММ пайдалану экономиканың түрлі салалары үшін кадрлар даярлау жөніндегі жоғары талаптарды қояды.

«Қазіргі күні кадрларға адамдар қатты қажет және олар физикалық-химиялық құралдармен қолдана білуі тиіс, сондай-ақ электронды, микроскоптармен, спекторометр, хроматорграфтармен жұмыс жасай білуі керек. Әрине, ЖОО-ның білім беру бағдарламасы мен кадр әлеуеті сәйкес болу керек. Туындаған қажеттіліктерге орай, осы жылы Техникалық реттеу және метрология комитетінің ұсынысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі топтастырушы мамандарға өзгерістер енгізіледі. Нақты айтқанда, «Метрология» мамандығына»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика