Парламент

Г.Шиповских:Мәжілістегі жұмыс осы сессияда өте маңызды болды

Алтыншы шақырылымның бірінші сессиясында жүзеге асырылған жұмыс туралы Мәжіліс депутаты Генадий Шиповских Парламенттің төменгі палатасында айтып өтті.
Астана қаласы30 Маусым , 16:54

«Аталмыш сессия барысындағы жұмыс өте маңызды болды, 2016 жылдың күзінде одан да маңызды істер күтіп тұр. Айта кетерлігі, аталмыш сессияда менде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке бір сауалым болды, ол Арал теңізінің жағдайы турады. Өздеріңіз білетіндей, Арал – экологиялық жұтау орны. Сауалдың негізі 3 мәселеден тұрды: біріншіден,  тұзды өзендерді жабу. Арал өңірінде желдің әсерінен  тұз аспанға көтеріледі. Ол халық денсаулығына өте әсерлі. Екіншіден, Арал мен жан-жақтағы аймақ арасында автомобиль жолдары төселген. Жел әсерінен құм бораны туындайды. Жолдардың бойынша көшеттер отырғызу ұсынылды. Үшіншіден, қазақстандық балықшылар шетелдік  құралдарды қолданады. Олардың төзімділігін пайдаланып судың ішінде қалдырады. Оның салдарынан онда қоқыс жналып, ауыз судың сапасын бүлдіреді», - деді Г.Шиповских.

Депутат айтып өткендей, Премьер-Министрдің жауабы екінші сессияның басында белгілі болады.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика