Білім беру

Қазақстандық метрология саласының мамандарын бағыттар бойынша оқыту жоспарлануда

Қазақстандық метрология саласының мамандарын бағыттары бойынша оқыту жоспарлануда, деп хабарлады Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі Бақытгүл Байқожаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы30 Маусым , 16:14

«Заманауи зертханалық базасыз метрологтарды дайындау мүмкін емес. Тек теориялық дайындықпен ештеңе тындыра алмайсың. Қазіргі уақытта оқу зертханалары толық жабдықталмаған. Аталмыш мамандық бойынша тиісті бакалавриаттарды дайындап шығуымыз үшін жақсы қондырғылар қажет. 2017 жылы жақсы жағдайлар жасалады, деп сенеміз»,-деді Б.Байқожаева.

Оның айтуынша, метрология саласының кәсібилерін дайындау үшін әр саланың маманы болу керек.

«Әр сала қызметінде, әр технологияда өзінің өлшейтін физикалық ерекшеліктері болады. Болашақ метрологтар үшін көп нәрсені білу керек. Соның ішінде теориялық физиканы жқсы меңгерулері қажет. Сол үшін траекторияға бөліп, бағыттар бойынша оқытатын шығармыз»,-деп түсіндірді ол.

Техника ғылымдарының айтуынша, бұл міндетті жұмыс берушілерсіз ЖОО өзі толық шеше алмайды.

«Бізге кәсіпорындар тарапынан тәжірибеден өту үшін, дуалді білім беру, зертханамен жабдықтау және біздің мамандарды жұмысқа орналастыру тұрғысынан көмек керек»,-деді кафедра меңгерушісі.

 Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика