Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ҚХА мен ҚР Жоғарғы Соты Қазақстанда медиация институтын дамыту туралы меморандумға қол қойды (ФОТО)

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Жоғарғы соты медиация институтын дамыту туралы және Меморандумды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бойынша меморандумға қол қойды. Қол қою рәсімі Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісімінің кеңейтілген республикалық кеңес отырысының аясында өткізілді.
Астана қаласы 30 Маусым, 16:02

Меморандумның мақсаты әрекеттесу аясында дауларды сотқа дейін реттеу институтын дамыту мен барлық тараптан нығайту бойынша бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады, сонымен қатара медицина институты саласында.

Айта кететін жайт, соттың 6 съезінде Мемлекет басшысы сотта қарауға жататын даулар санын азайту маңыздылығын атап өтті,оларды шешу үшін балама әдістерін енгізу, бітімгерлік рәсімдер тәртібі мен медиацияны дамытуды айтып өтті.

ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, медиация институты халық пен кәсіби заңгерлер арасында қолдауға ие болуда. Осылайша, ағымдағы жылдың 5 ай ішінде азаматтық іс бойынша аяқталған жұмыстар екі есеге өсті – 9394-тен 5347-ге қарсы.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев 





Яндекс.Метрика