Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Е.Орынбаев Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртуындағы үш маңызды факторды атады

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруындағы үш маңызды факторды атады.
Астана қаласы27 Қараша , 14:01

«2013 жылы елдегі әлеуметтік жаңғыртудың үш маңызды факторы бар. Біріншіден, бұл идеологиялық фактор. Презеиденттің «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласы аталмыш салаға жаңа мән берді», - деді Орынбаев.

Осы маңызды құжаттарда инклюзивтік дамудың негізі шоғырланған. Сонымен қатар мұнда еңбек өнімділігі идеясы да қамтылған.

«Еліміздің тұрақты экономикалық өсуі әлеуметтік саладағы көптеген әлеуметтік бастамалар мен бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік берді. 2013-жылғы қаңтар-қазан айларының қоырытндысы бойынша еліміздің ІЖӨ 5,8% өсті», - деген вице-премьер өз сөзін: – «Дүниежүзілік банктің ақпаратына қарағанда, Қазақстан 2011-жылдың өзінде-ақ табысы ортадан жоғары елдер қатарына енген екен. Сөйтіп қазір Малайзия, Түркия сияқты елдермен қатар тұрған ол осы бағыттағы позициясын нығайта түсуде»,-деді ол.

Екінші фактор, Орынбаевтың айтуынша, елдің тұрақты экономикалық өсімі. Экономиканың тұрақты өсуі көптеген әлеуметтік бастамалар мен әлеуметтік бағыттағы бағдарламаларды құруға мүмкіндік беріп отыр.

 «Әлеуметтік жаңғырудың үшінші факторы ретінде 2013 жылдың драйверіне айналған тұрақты демографиялық өсімді айтар едім. 2005 жылдан бері елдің демографиялық өсімі байқалады. 




Яндекс.Метрика