Қазақстан және БҰҮ

М.Бәшімов: Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне сайлануы ел бюджетіне әсер етпейді

Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне өтуі ел бюджетіне әсер етпейді, деді ОКҚ-да Еуропалық құқық және адам құқығы сарапшылық институтының директоры, ҚР СІМ қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Бәшимов.
Астана қаласы30 Маусым , 13:00

«ЕЫҚҰ-да ұйымға мүшелікке енгенде әрбір ел өзінің  қорына ақша жинайды. Қауіпсіздік кеңесінде ешқандай материалдық шығын  жұмсау қарастырылмған. Барлық шығын БҰҰ Бас Ассамблеясының құрылымы есебінен жүзеге асады. Сондықтан ел бюджетіне ешқандай әсерін тигізбейді»,  - деді сарапшы.

Аталмыш мүшелік ешқандай материалдық шығынды қарастырмайды. «Қазақстан материалдық шығынға душар болмайды».

Айта кетсек, кеше БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен дауыс беру нәтижесінде Қазақстан дауыс берген 193 елдің 138-нiң қолдауына ие болды. Сөйтіп, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің екi жылға тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Қазақстан осы сайлаудағы басты бәсекелесі Тайланд елінен 55 дауысқа басым түстi.Өткен жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2016-2017 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне Мысыр, Сенегал, Украина, Уругвай және Жапония елдері сайланған болатын.

Қазақстан 138 дауыстың 129 қажеттісін жинады. Құттықтаймын! Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Бас Ассамблеяда өткен дауыс беру кезінде Қазақстан 138 мемлекеттің қолдауына ие болды. Ол бұл сайлауда 55 дауыс жинаған Таиланд мемлекетінен басым түсті.Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттері атынан 1 орынға Қазақстан және Таиланд елдері таласқан болатын.

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика