Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

«Тұлпар-Тальго» жаңа пойызы сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүретін болады – ҚР Президенті (ФОТО)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кең шанақты «Тұлпар-Тальго» вагонының жаңа түрімен танысты.
Астана қаласы 30 Маусым, 12:57

«Дәл қазір танысып шыққан  «Тұлпар-Тальго» зауыты. Өздеріңіз білесіздер, біздің Қазақстанда пойыздар сағатына қырық, ұзаса 60 шақырым жылдамдықпен жүретін. Ал «Тұлпар-Тальгоның» жаңа пойызы сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүреді. Вагондардың іші кең, жолаушыларға барлық жағдай жасалған. Осылайша, жолаушылардың жолға кететін уақытын екі есеге азайттық. Бұл экономикаға өте пайдалы», - деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.

Қазақстан темір жолы» компаниясының ақпаратына сүйенсек, 2016 жылы зауытта 149 кең кузовты жолаушылар вагонын шығару жоспарланып отыр. Сондай-ақ, мүгедектерге арналған купелерде олардың еркiн жүрiп-тұруына барлық жағдай жасалған. Жаңа вагондар 50 градус аязда да жүре береді.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін вагондарда дәлізге шығатын құрылғылар орнатылған 3 купе бар. 

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика