ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: Жамбыл облысында жобалық құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылды

Жамбыл облысында жобалық құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Айтақов Жарылқасын Әбдіғапарұлы айтты.
Жамбыл30 Маусым , 14:49

Жарылқасын Айтақовтың айтуынша, соңғы жылдары ауданға инвестициялар тарту бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. 2014 жылы ауданға тартылған инвестиция көлемі 28 млрд. 534 млн. теңгені құраса, 2015 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 34 млрд 659 млн. теңге инвестиция тартылды, немесе 24 пайызға өсім байқалады.

Ал, 2016 жылдың 4 айында 2 млрд. 348 млн.теңге болды (Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 31,9 % құрады.) Инвестиция көрсеткіштерінің төмендеу себебі : «Азия газ құбыры» ЖШС-ң желілік және Луговой компрессор станциясындағы құрылыс жұмыстарының толық аяқталуымен түсіндіріледі. Атап айтқанда, 2010-2014 жылдары бағдарламаның бірінші бесжылдығында  ауданда жалпы құны 4,4 млрд. теңгені құрайтын екі инвестициялық жоба іске асырылған болатын.

«Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жобалық құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылды.

«Бүгінгі таңда аталған бағдарлама аясында 2017 – 2019 жылдары екі  жобаны іске асыру үшін инвесторлармен жұмыс жүргізілуде.  Жобаларға нақты тоқталатын болсақ. Біріншісі, Электр қуатының баламалы түрін өндіруде үлкен әлемдік тәжірибесі бар белгілі Француздық «Фонрош» компаниясының қазақстандағы «Aguila Solar» ЖШС-нің (А.Момбеков) сағатына 24 МВТ күн сәулесі қуатын өндіру станциясын іске қосу жобасы. Жобаның жалпы құны 9,2 млрд. теңгеге бағаланған”, - деді ол.

Бұл мақсатқа 74 гектар жер телімі бөлініп, бүгінгі күні барлық жобалау құжаттары 100 % дайындалды. Компания басшылығы жоба бойынша құрылыс жұмыстарын 2016 жылдың ІV-тоқсанында бастап, 2017 жылы толық  аяқтауды жоспарлап отыр. Станция құрылысы басталғанда 50-60 адам жұмысқа тартылса, жоба толық іске қосылған кезде жаңадан 22 тұрақты жұмыс орнының ашылуы күтілуде. Екіншісі, Жаңатұрмыс ауылдық округі аймағында (жеке кәсіпкер Д.Еркебалановпен) неміс инвестициясы арқылы «Бройлер етін өндіру зауыты кешенінің» жобасы.  Кешеннің жобалық қуаттылығы жылына 10 000 тонна ет өндіру болып табылады. Жобалық құны 1 млрд. теңгеге бағаланған.

 




Яндекс.Метрика