Инвестициялар

Елбасы Астанадағы үй құрылысы комбинатының жұмысымен танысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «GLB» үй құрылысы комбинатында болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Маусым , 12:45

Мемлекет басшысы нысанды аралау барысында комбинаттың арматура және қалыптау цехтарының жұмысымен танысты, сондай-ақ көрме павильонын қарап шықты.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру барысында кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңінен пайдалану қажеттігіне назар аударды.

Қазақстан Президенті 1200-ге жуық адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған комбинаттың әлеуметтік маңызын атап өтті.

Өндірістік 8 цехтан тұратын «GLB» үй құрылысы комбинаты ірі панельді және каркас-жинақтау құрылысы үшін темір-бетон бұйымдарының барлық түрін шығарады. Жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында іске асырылды.

Жалпы аумағы 15 гектарды қамтитын кәсіпорын Германия мен Австрияда шығарылған заманауи жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған. Комбинаттың жетілдірілген технологиялық үдерісі жылына құрылыс нысандарының 250 мың шаршы метрге дейінгі аумақ өнімділігін қамтамасыз етеді. Өнімді іске асыру көлемі жөнінен жылына 130 000 куб метр темір-бетон бұйымдары өндіріледі.

 




Яндекс.Метрика