Адами капитал

ҚР Қарулы Күштерінде жазғы оқыту кезеңі басталады (ФОТО)

1 шілдеде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік оқудың ең қарқынды әрі жауапты кезеңі – жазғы оқыту кезеңі басталады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 30 Маусым, 20:41

Әскери бөлімдерде әскери қызметшілердің кәсіби даярлығы бойынша сабақтар басталады. Бүгіннен бастап Қарулы Күштер бойынша әскери қызметшілердің қауіпсіздік шараларын зерделеуі басталды. 

Ол сабақтар түрінде өтеді, сондай-ақ қауіпсіздік талаптары бойынша олардың теориялық және практикалық білімдері тексеріледі.  Әскери бөлімдерде әскери қызметшілерді қауіпсіздік талаптары бойынша оқытып-үйрету атқарып отырған әскери лауазымдары, біліктілік талаптары, атқарылатын міндеттердің, жағдайлардың ерекшелігі ескеріле отырып, құрылады.

Бұл ретте оқыту бағдарламалары, оқу жоспарлары мен жауынгерлік даярлық жоспарларына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану ерекшеліктеріне назар аударылады. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда әрбір пәнді зерделеу кезінде әскери қызметшілерге қауіпсіздік талаптары жеткізіліп, сабақ барысында олардың меңгеруі мен орындауы қамтамасыз етіледі.   

 





Яндекс.Метрика