Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Ресейде қазақстандық технологияларын пайдалану жөніндегі жоба таныстырылды

Санкт-Петербург қаласында өткен Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы үшінші жалпыресейлік «IT Диалог 2016» форумында Қазақстанда ауқымды деректер технологияларын пайдалану жобасы ұсынылды, деп хабарлады «Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.
Әлемде 30 Маусым, 13:46

Ресейлік әріптестерге арналған презентация «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Абай Дюсенев пен ЕМС компаниясының басты клиенттермен жұмыс істеу басшысы Диас Қадыров тарапынан өткізілді.

«ҰАҚ» АҚ мен ЕМС осы жобаны жетілдіру жұмыстарын бірлескен түрде арнайы құрылған деректерді талдау сараптама орталығының аясында жүзеге асыруда. Мақсаты – интернет-көздерінен алынған ақпараттың негiзiнде мемлекеттік қызметтерге деген пайдаланушылардың тарапынан білдірітетін сенімділік пен қанағаттану дәрежелерінн талдау.

Презентацияда айтылғандай ауқымды деректер көптеген операцияларды оңтайландыру, тәуекелдерді тиімдірек басқару мен инновацияларды ендіруге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жүзеге асырылып отырған жоба нәтижелері Қазақстан Ремупубликасы электрондық үкіметінің мемлекеттік қызметтерінің сапасын арртыру бойынша ұсыныстарын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жобаның іске асырылуы барысында интернет-көздерінен ақпарат түсіріліп құрылымдалған соң (парсинг) ақпарат кестелік түрге келтіріліп индекстеледі, сонра машиналық оқыту өткізіліп тақырыбы мен эмоционалдық өңіне сай  бөлініп шығарылады. Содан соң, бөлек шығарылып таңдалған ақпарат визуализацияланып алдағы жұмыс бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін қолданылады.

 





Яндекс.Метрика