Қазақстан және БҰҮ

БҰҰ ҚК аясында Қазақстан бейбітсүйгіштік қағидасына беріктігін жоғары деңгейде көрсетеді

Саясаткерлер конгресі мен әлеуметтанушылар қауымдастығы қазақстандықтарды 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануымен құттықтады.
Астана қаласы30 Маусым , 12:29

Біз Қазақстанның маңызды саяси халықаралық орган Біріккен ұлттар ұйымына - 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануы туралы жаңалықты үлкен қуанышпен қабылдадық.

Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы барлық қазақстандықтарды және арнайы ел Президентін – Ұлт көшбасшысы Н.А.Назарбаевты осынау тарихи жеңіспен құттықтайды!

Осы сәттен бастап, Қазақстан осы абыройлы ұйымға толыққанды мүше болғалы, біздің еліміз үнемі бейбітсүйгіштік пен ізгілік қағидаларына беріктігін дәлелдеп келді.

Бүгінгі таңда бүкіл әлем Қазақстанды бірлік пен келісімді сақтап, қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде таниды. Бұл жетістер біздің нық сеніммен алға жылжуымызға мүмкіндік береді.

Қазақстандық мәлімдеменің басымдығы – Ұлт көшбасшысының әлемдік қоғамдастықтағы абыройы.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелікке сайлануы – бұл біздің бастамалардың алға жылжуына, күн тәртібіндегі өзекті проблемалар бойынша өркениетті диалог жүргізу үшін халықаралық аренада өте үлкен жетістік және бірегей мүмкіндік. 




Яндекс.Метрика