Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Алматыда «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша жаңа пәтерлер берілді

Алматының 70-тен астам жас отбасы бүгін «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша қала әкімінің қолынан жаңа пәтерлердің кілтін алды, деп хабарлайды «BNews.kz» агенттігі.
Алматы қаласы27 Қараша , 12:35

«Бағдарлама бойынша жас отбасылары банкалды біліктіліктен – төлем қабілеттерінің бар екендері дәлелдейтін және кепілсіз ай сайын белгілі соманы төлей алатындарын растау шараларынан өтулері керек болды. Бағдарлама бойынша берілетін үйлердің шаршы метрі 120 мың теңгені құрайды. Инженерлік жұмыстар мемлекет тарапынан жүргізілгендіктен, бұл үйлер үшін 120 мың теңге деген Алматы қаласында өте арзан», - дейді шаһар әкімі Ахметжан Есімов.

Оның айтуынша, аталмыш мемлекттік бағдарламаның бір шарты жас отбасының балаларының болуы. Биылғы жылы жас отбасылар үшін салынатын үйлерге 1 млрд теңге бөлінген. Келер жылы бұл көрсеткіш 2,7 млрд теңгеге жетпек. Сөйтіп бағдарлама бойынша 378 пәтер табысталмақ.

«Алатау ауданы жастар үшін болашағынан үміт күттірерлік аудандардың бірі. «Универсиады-2017» өткізуге дайындық барысында дәл осы ауданда көптеген жаңа нысандар бой көтермек. Сонымен қоса бұл жерде мешіт құрылысы да қолға алынады», - деді қала басшысы.

Бағдарлама бойынша Алғабас шағын ауданында 216 пәтерлік 3 үй тұрғызылды. Олардың жалпы ауданы 12 мың шаршы метрді құрайды.




Яндекс.Метрика