Қазақстан және БҰҮ

ҚР ЖОО қауымдастығы: Қазақстанның БҰҰ ҚК-не сайлануы - еліміздің ядролық қаруды таратпаудағы жетістіктерінің мойындалуы

Бұл тарихи оқиғаны Президент Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің мойындалуы деп бағалаймыз, ол республиканың әлемдік қоғамдастықта белсенді рөл ойнайтынын айрықша көрсетеді.
Астана қаласы29 Маусым , 21:03

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады.

Бұл отандық дипломатияның жеңісі және еліміздің ядролық қаруды таратпаудағы, ұлтаралық келісім мен конфессияаралық төзімділіктің бірегей бағдарламасын құрудағы жетістіктерінің сөзсіз мойындалуы.

Қазақстандағы ЭКСПО-2017, Универсиада-2017, экономика, білім, денсаулық сақтау салаларындағы форумдар - біздің елдің бүкіл дүние жүзі мен адамзат болашағы жөнінде алаңдайтынын айқын көрсететін әлемдік масштабтағы іс-шаралар.

Қазақстан - БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ, ТМД және т.б. секілді көптеген халықаралық ұйымдардың белді мүшесі. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануының ендігі жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығымен тұспа-тұс келуі өте маңызды, бұл өзекті өңірлік мәселелерді шешуде БҰҰ-мен тиімді ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мүмкіндік береді.

Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік әлеуетін арттыруға бағытталған қызметі мен күш-жігерін толықтай қолдайды.

БҰҰ Республиканы әлемдік проблемаларды шешуде салмақты әрі сындарлы жолды таңдайтын мемлекет ретінде таниды.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне сайлануы - үлкен мәртебе әрі қазақстандықтар үшін ерекше мақтаныш. Әлемдік қауымдастық біздің елімізге зор сенім білдіріп отыр, Қазақстан осы сенімді абыроймен ақтап шығатынына күмәніміз жоқ»,  делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика