Қазақстан және БҰҮ

ҚР Біріккен ұлттар ұйымының ҚК-не тұрақты емес мүше болып сайлануы әлемдік аренада ел абыройын нығайтуға мүмкіндік береді

ҚР Біріккен ұлттар ұйымының ҚК-не тұрақты емес мүше болып сайлануы әлемдік аренада ел абыройын нығайтуға мүмкіндік береді, деп есептейді ҚР Ұлттық ғылым академиясының қызметкерлері.
Астана қаласы29 Маусым , 20:46

«Ғылыми қоғамдастық атынан Мемлекет басшысын Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтаймыз»,-делінген құттықтауда.

Бұл еліміздің, қазақстандық дипломатияның тарихи жеңісі.

Бұл жеңістегі Қазақстанның кандидатурасының таңдалуында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы абыройы үлкен рөл ойнағаны күмәнсіз.

Мемлекет басшысының маңызды халықаралық форумдарға қатысып, жаһандық және аймақтық қауіпсіздік бойынша өзекті тақырыптарды көтеруі, әсіресе, 2015 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінде сөйлеп, бастама көтеруі және жаһандық ядролық қаруға қарсы 2016 жылы саммитте өзекті мәселеге қатысты ашық пікірлер айтқаны сөзсіз ықпалды резонанс туғызды.

Аталмыш тарихи оқиға алдағы уақытта Қазақстанның әлемдік аренада абыройын нығайтуға мүмкіндік туғызып, одан әрі арттыра түседі, деп есептейміз. 




Яндекс.Метрика