Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Э.Суханбердиева: Үштілділікке көшу үшін шетел тілдерін оқытудың өзекті әдістеріне зерттеу жүргізілетін болады

Үштілділікке көшу үшін шетел тілдерін оқытудың өзекті әдістеріне зерттеу жүргізілетін болады, деп ҚР білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Астанадағы Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық корпус коллегиясының отырысында мәлім етті.
Астана қаласы29 Маусым , 18:29

«Үш тілде білім беруге көшу аясында кезең бойынша жоғары мектеп оқушыларының ағылшын тілінде оқуыға көшуіне кесте жасалуда. Министрлік жанында Қоғамдық кеңес құрылды және ол жерде білім саласы бойынша түрлі мәселелер талқыланатын болады. Шетелдің тілдерін қарқынды меңгеру мақсатында белсенді әдістерді таңдауда зерттеулер ұйымдастыру керек деп санаймыз. Осыған орай, Абылайхан атындағы Қазақстанның халықаралық қатынастар мен әлемдік тілдер университетіне шетелдің тілдерін оқыту әдістемесі бойынша зерттеулер жүргізу тапсырмасы берілді»,-деді вице-министр.

Айта кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 79 бекетіне сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігімен 2015-2020 жылдарға арналған үш тілде білім беруді дамытудың Жол картасы әзірленді.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика