Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ДСӘДМ: 81 ҮЕҰ қиын өмір жағдайына тап болған 5 мың қазақстадыққа көмек көрсетіп отыр

81 Үкіметтік емес ұйым қиын өмір жағдайына тап болған 5 мың қазақстадыққа көмек көрсетіп отыр, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова халық алдында берген есебінде.
Астана қаласы29 Маусым , 18:12

«Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары сатылай жүзеге асырылып келеді. Әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым нысандарын паспорттау мен бейімдеу арқылы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру бойынша; мүгедектерді оңалтудың техникалық қосалқы (компенсаторлы) құралдарымен қамтамасыз ету, кохлеарлы имплантация отасынан кейінгі есту қабілетін оңалту, кохлеарлы импланттардың сөйлеу процессорлары ауыстырылып, күйге келтіру шаралары жүйелі түрде атқарылып келеді», - деді министр.

Оның айтуынша, жол картасын жүзеге асыру шараларының аясында 5 үйлестіру кеңесі құрылып, оларға жауапты республикалық денсаулық сақтау ұйымдары анықталды. Медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша нақты шаралар дайындалды: медициналық көмек көрсету медициналық қызметкерлері барлық деңгейінің біліктілігін арттыру бойынша курстар ұйымдастырылды; емдеу стандарттарын қайта қарау бойынша, емханалық хаттамалар мен процестердің алгоритмін жетілдіру жөнінде, пациенттердің қозғалыс маршруты бойынша жұмыс басталды және т.б. Жұмыспен қамту орталықтарының мәліметінше, жыл сайын орталыққа жүгінетін мүгедектердің 75%-ы жұмысқа орналастырылады.

«Қиын өмір жағдайына тап болған адамға стационар, күндізгі орталық, үй күтімі, уақытша орналасу жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бүгінде әлеуметтік қызметтер мүгедектерді, жасы ұлғайған адамдарды, адам саудасының құрбандары, сотталған адамдар, пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды қамтиды. 81 ҮЕҰ   қиын өмір жағдайына тап болған 5 мың қазақстадыққа көмек көрсетіп отыр», - деді Т.Дүйсенова.

Өткен жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында арнаулы әлеуметтік қызметтердің біріктірілген үлгісін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды. Жыл соңына дейін мүдделері бір қызметтердің өзара қарым-қатынас тетіктерін құру бойынша Жол картасы жасалып, білім жүйесі, денсаулық сақтау саласы, әлеуметтік қорғау мен пробация қызметі мамандарын оқыту ұйымдастырылатын болады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика